Видеодан кадр

"Жақсылық марафоны": Қарағандыда жаппай жүгіру жарысы өтті

Қарағандыда Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына  және  Спорт күніне орай «Жақсылық марафоны»  жаппай жүгіру жарысы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Спорттық іс-шараға 200-ден астам адам қатысты. Оның ішінде Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен қала тұрғындары болды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс қашықтығы 5 шақырымды құрады. Қатысушылар тек спорттық нәтиже үшін ғана емес, сонымен бірге қоғамда ізгілік пен өзара көмек құндылықтарын дәріптеу мақсатында күш біріктірді.

Марафон спорт пен салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, тұрғындар мен құтқарушыларды ортақ мақсатта біріктірді.