Жаңалықтар

«Жақсы көргендіктен өлтірді». Бишімбаевтың балалары неліктен ата-әжесімен араласпайды

«Жақсы көргендіктен өлтірді». Бишімбаевтың балалары неліктен ата-әжесімен араласпайды
Фото: Коллаж El.kz 16.04.2024 18:10 13674

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Ол балаларының ата-әжесімен неліктен араласпай қалғанына жауап берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өкінішке қарай, менің балаларым бала күнінен қиындық көріп келеді. Әкесі мен анасының арасындағы түсініспеушілік, 2017 жылы әкесі түрмеге отырды, ол кезде де балалар барып, қолдау білдірді. Содан кейін ажырасу, әкесінің үйленуі, үшінші әйелімен ұрыс-керіс, осылай тізбектеліп кете берді. Ал содан кейін соңы кісі өлімімен аяқталды. Аллаға шүкір, балалар психологқа барып, жақын достары мен менің туыстарымның арқасында өмірге деген құлшыныстары азаймады. Өзіндік көзқарастары қалыптасты. Олар ненің жаман, ненің жақсы екені, яғни ақ пен қараны ажырата алады, - деп жазды Назым Қаһарман.

Қуандық Бишімбаевтың қызына бұл оқиғаны басқаша жеткізген.

10-11 қараша күндері маған да, балаларға да жағдай өте түсінікті бола түсті. Сіздер қазір әркімнен тыңдап, біліп жүрген ақпараттарды сол кезде естіген едік. Сараптама қорытындысы шықпас бұрын хабардар болған едік. Тек "Салтанаттың өзі ғана кінәлі" деп айтылды. Мұнымен қоймай, менің қызыма "Әкең жақсы көргендіктен өлтірді" деп айтқан еді. Басқа да сұмдық жағдайларды айтқан. Мұның бәрін айта бергім келмейді. Себебі, менің де, балалардың да бұл айтылғандардан құсқымыз келді. Мен ана ретінде тәрбиенің мұндай моделіне қарсы адаммын. Сондықтан ата-әжесімен араластырмау туралы шешім қабылдадым. Ал балалардың да өзіндік пікірі бар, олар мені толықтай қолдап, келісті, - деді Назым Қаһарман.

Айта кетейік, кеше Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман күтпеген мәлімдеме жасады. Ол көлік ұрлауға қатысты және балаларға қатысты маңызды мәселесін айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға