Ijf.org

Жаппай жеңілді: Қазақстан дзюдошылары Ұлан-Батыр турнирінде жүлдесіз қалды

Маңғолияда дзюдодан бүгін аяқталған Ұлан-Батыр Гранд Слэмінде Қазақстан балуандары жүлдесіз қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жарыстың соңғы күнінде татамиге шыққан Ермахан Әнуарбеков шешуші сәтте Бахрейн балуаны Исрапил Сагаиповқа есе жіберіп, турнирді бесінші орынға тұрақтады.

Ол іріктеу кезеңдерінде Грузия өкілі Николоз Давладзенің жеңген еді. Алайда ширек финалда IJF құрамасының балуаны Ихван Едилсултановқа қарсы белдесуде осалдық танытты. 

Аталған турнирде -100 және +100 келіде ұлттық құрама сапына балуандар белдескен жоқ. Ал жарыстың алғашқы күнінде Бауыржан Нарбаев (66 кг) қола жүлде үшін белдесуде моңғол дзюдошысынан жеңіліп қалған еді. Ал өзге балуандар іріктеу кезеңдерін сәтсіз бастап, жүлде үшін күресуге мүмкіндік ала алмады.