Жапонияның Қазақстандағы Елшісі полицейлерге алғыс айтты
Фото: ІІМ
Фото: ІІМ
18.09.2024 19:20
424
Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлеріне уақытылы көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еске салсақ, биыл 17 тамызда «Токио – Цюрих» бағытындағы әуе рейсі жолаушыларының бірі ұшақта өзін нашар сезінген болатын. Жапония азаматы инсульт алып, ұшақ Астана қаласының әуежайына шұғыл қонды.
Елорда әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушыға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Жапония Елшілігіне жедел хабарлады. Осыдан кейін ол шұғыл ауруханаға жатқызылды.
Аталған жолаушы денсаулығы тұрақтанғаннан кейін Отанына аман-есен оралды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға