Жаңалықтар

Жапонияда сабынмен жууға арналған смартфон өндірілді

Kyocera атты Жопон компаниясы Digno Rafre смартфонын ойлап тапты.
25.01.2016 09:42 4615

Гермофобия немесе мизофобия деп айтады бұл – адамзаттың белгілі бір адаммен қатынасу немесе затты ұстау арқылы микроб жұқтырып алмайын деген қорқынышын білдіретін ұғым. Бойында аталған симптом кездесетін адамдар ұдайы қолдарын жуып, бөгде заттарды ұстамауға тырысады, не болмаса айнадай тазаланған үйінен көп шықпауға тырысады. Kyocera атты жапон компаниясы дәл осындай адамдарға арнап Digno Rafre смартфонын ойлап тапты. Мобильді құрылғыны қолданушылар енді қалағанынша бактериядан қорғайтын сабынмен жуа алады. Су мен сабын тиген смартфон еш жапа шекпейді, керісінше жылтырай түседі.

 Жапонияда сабынмен жууға арналған смартфон өндірілді

Бүгінгі таңда су тиюден қорғалған арнайы мобильді телефондардың түр-түрі шыққаны белгілі алайда, сауда нарығында сабынмен көпіртіп жуатын смартфонның пайда болуы – өте қызық әрі таңқаларлық жағдай. Смартфонның бұл түрі гермофобтарға ғана арналды деген түсініктен аулақ болған абзал. Мобильді телефоны үшін алаңдағысы келмейтіндер үшін тұтыну өте ыңғайлы болмақ. Сіз егер аталған маркамен өндірілген жаңа смартфонға қол жеткізер болсаңыз, ас үйде немесе жуынатын бөлмеде сондай-ақ жаңбырдың астында, өндіріс орынында еш алаңсыз қолдана аласыз.

Бұдан өзге мобильді құрылғының артықшылығы – онда ТВ-тюнер орнатылғандығында. Тұтынушы жапон телеарналарын тамашалай алады. Телефонның сенсорлы экраны тіпті судың ішінде ұстап тұрсаң да істей береді. Ал, смартфонның корпусы өте жоғары сапамен қорғалғандығымен ерекшеленеді.

Гаджеттің ең мықты қасиеті – құлаққа берілетін дыбыс арнайы ультрадыбыстық жүйенің көмегімен еш динамикасыз жететіндігінде. Яғни, адамның бас сүйегіне еш зияны жоқ деген сөз.    

Ал, мобильді құрылғының техникалық қырына тоқталар болсақ, аса көп артықшылығы жоқ. 5-дюймді дисплеймен жабдықталған, мүмкіншілігі 720р, камерасы 13 мегапиксель, қуат көзінің сиымдылығы 3000 mAh, Android 5.

Смартфон Жапония территориясында алдағы аптада сатылымға шығады деп күтілуде. Бағасы жобамен 465 АҚШ доллары болуы мүмкін.  


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға