Жапонияда қатты нөсерден 40 метрге жуық үлкен көпір қирады
03.07.2023 15:13
Фото:
Kyodo
3 шілдеде Жапонияның оңтүстік-батысында қатты нөсерден көпір қирады. Кумамото қаласының 360 мың тұрғыны эвакуация туралы хабарлама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Kyodo-ның мәліметінше, Жапония метеорологиялық агенттігі қатты нөсер мен найзағай сейсенбіге дейін жалғасатыны туралы ескертті және тұрғындарды ықтимал көшкін мен сырғымаға байланысты абай болуға шақырды.
Кумамото префектурасының Ямато және Машики кенттерінде жауын мөлшері сағатына 82 мм және 80 мм жетті. Бұл шілдеде осы аймақ үшін рекордты көрсеткіш.
Жергілікті биліктің айтуынша, қатты жаңбырдан Ямато кенті арқылы ағып өтетін шағын өзеннің үстіндегі 37 метрлік бетон көпір опырылып түскен. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

