Жаңалықтар

Жапонияда көлден адамның басы табылды

Жапонияда көлден адамның басы табылды
Фото: ©AP/Shuji KAJIYAMA 16.05.2023 15:00 832

Дүйсенбі күні Жапонияның Хоккайдо аралындағы көлден адамның басы табылды. Осыған байланысты жергілікті полиция із-түзсіз жоғалып кеткен балықшының денесін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, жексенбі күні таңертең 54 жастағы Томохиро Нисикава Хороканайдағы Шумарина аралына балық аулауға кеткен.

Кейінірек жергілікті қайық станциясының қызметкері жақын жерде аузынан резеңке етік салбырап тұрған аюды көріп, Нисикаваға хабарласпақ болған.

Алайда, одан түк шықпады.

Полиция жануарларды аулау операциясын бастады. Қалалық әкімшіліктегі дереккөздің айтуынша, іздеу тобының бір мүшесі сол күні бір аюды өлтірген.

Операция кезінде адамның басы табылды. Полиция жоғалған Нисикаваның ісін тергеп жатқанын айтты.

Хоккайдоның солтүстігінде орналасқан көлден балықшылар Жапонияда сирек кездесетін Сахалин тайменін, сондай-ақ форель мен жапон қиярбалықтарын аулауға ынтық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға