Жапонияда ғасыр жасағандар саны 100 мыңға жуықтады
2025 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Жапонияда ұзақ өмір сүргендер саны 99 763 адамға жетіп, жаңа рекорд орнатты. Бұл көрсеткіш 55 жыл бойы тұрақты түрде өсіп келеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, статистика тұрғындарды тұрақты тіркеу деректеріне сүйенген. Алғаш рет есеп 1963 жылы жүргізіле бастаған кезде, 100 жасқа толғандар небәрі 153 адам болған.
1981 жылы олардың саны 1000-нан асты,
1998 жылы - 10 мыңға жетті,
2012 жылы - 50 мыңға,
2022 жылы - 90 мыңға,
ал биыл 100 мыңға жақындады.
Қазір Жапонияда әр 100 мың тұрғынға шаққанда 80,58 ұзақ жасаушыдан келеді.
Елдегі ең қарт тұрғын – 114 жастағы Сигэко Кагава (Яматокорияма қаласы). Ал ең жасы үлкен ер адам – 111 жастағы Киэтака Мидзуно (Ивата қаласы).
Жапонияда ғасыр жасағандарға дәстүр бойынша құттықтау хаты мен күміс кубок табысталады. Биылдың өзінде 52 310 адам 100 жасқа толады деп күтілуде.

