shutterstock

Жапонияда алғаш рет билеуші партияны әйел саясаткер басқарды

06.10.2025 03:29

Жапон саясаткері Санаэ Такаити Либерал-демократиялық партияның (LDP) төрайымы болып сайланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл - ел тарихында тұңғыш рет әйел адамның билеуші партия жетекшілігіне келуі. Партия ішіндегі дауыс беру нәтижесінде жеңіске жеткен Такаити енді Жапония Премьер-министрі лауазымына басты үміткер саналады.

Санаэ Такаитидің сайлануы — жапон саясатындағы тарихи бетбұрыс, әйелдердің жоғары билікке араласуына жол ашқан маңызды қадам. Ол ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық саясаттағы қатаң көзқарасымен, сондай-ақ реформаларға бейімділігімен танымал.

Жаңа партия жетекшісі Жапонияның экономикалық дамуын жалғастыруды, елдің халықаралық беделін арттыруды және ұлттық мүддені қорғауға бағытталған саясатты жалғастыруға уәде берді.