Жапонияның солтүстік-батысындағы Акита префектурасындағы Акита қаласында нөсер жауын салдарынан туындаған лай көшкіні қаупіне байланысты 50 мыңға жуық адам эвакуациялануы тиіс. Бұл туралы NHK телеарнасына сілтеме жасап El.kz интернет порталы хабарлады.
Акита қаласында лай көшкіні қаупі бар аумақтарда орналасқан 23,1 мың үй шаруашылығына және 46 мың адамға эвакуация туралы нұсқау берді, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар эвакуация туралы бұйрық Носиро және Годземе қалаларында да жарияланды.
Носиро қаласында (Акита префектурасы) Футацуи аймағындағы Нигорикава мен Тасиро аудандарынан 58 үйдің 98 тұрғыны эвакуацияланды.
Годземе қаласында да қауіпті аймақтар деп танылған Морийяма, Окава, Бабаме, Умагава және Фуцунай аудандарында эвакуация жарияланды.

