Жаңалықтар

Жапония ересектерге арналған жөргектер шығара бастады

Жапония ересектерге арналған жөргектер шығара бастады
Фото: © Pixabay.com 28.03.2024 10:01 877

Жапонияның жөргек шығаратын компаниясы қартайған халық санының артуына байланысты тұтынушылар аудиториясын қайта қарамақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір елде азаматтардың үштен бір бөлігі 65 жастан асқан адамдарды құрайды, сондықтан тек балаларға арналған жөргектер өндірісі тиімсіз болып қалған.

The Guardian хабарлауынша, Жапонияда балалар жаялықтарының сатылымы 2001 жылдан бері екі есеге жуық төмендеді – 700 миллион данадан 400 миллион данаға дейін. Сарапшылар болжамы бойынша, бұл үрдіс тек арта бермек.

Былтыр Күншығыс елінде 758,6 мың сәби дүниеге келсе, 1,6 миллион адам қайтыс болды. 15 жасқа дейінгі балалар үлесі жалпы халық санының 11%-ынан аз, есесіне 65 жастан асқан азаматтар үштен бір бөлігін құрайды.

Мамандар 40 жылдан кейін Жапония халқы шамамен 30% азаяды деп санайды. Бұл 125 миллион адамнан 88 миллионға дейін. Әзірге биліктің көп балалы отбасылар санын арттыру туралы бастамасы нәтиже бермей тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға