Жаңалықтар

Жапондардың тәрбиесіне тәнті ететін видео

Жапондардың тәрбиесіне тәнті ететін видео
Фото: Видеодан кадр 04.05.2023 12:05 994

Жапондардың тәрбиесі, кішіпейілдігі мен сыпайылығы жайлы жиі естіп-көріп жүрміз. Бүгінгі видео соған тағы бір дәлел. Әлеуметтік желіде кеңінен таралған видео 6 миллионнан астам қаралым жинады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осаканың теміржол вокзалының бейнебақылау камерасына түсірілген кадрда жас жігіт сүрініп құлап, салдарынан жеке заттары шашылып қалғанын көруге болады.

Ал сол жерден өтіп бара жатқан адамдар бірден көмекке келіп, жас жігітке қол ұшын созды.

Жапония – тұрғындары бір-біріне көмек қолын созуды абырой санайтын ел, - деп жазылған видеоның астында.

Кейбіреулер жігіт әлеуметтік эксперимент үшін құлаған болуы мүмкін екенін болжады. Шынымен де солай болса, онда Күншығыс елінің өкілдері бұл емтиханнан сүрінбей өтті.

Пікір білдірушілердің барлығы жапондардың бұл қасиетіне тәнті болып, өзге елдердің азаматтары да солардан үлгі алса екен деп жазған.

«Польшада да заттарды осылай жинап, бірақ қайтармаушы еді»

«Берлинде адамдар «Сізде бәрі дұрыс па?» деп қана сұраушы еді»

«Францияда адамдар шашылған заттардың жанынан абайлап өтіп кетуші еді»

«Германияда заттарды ұрлап кетуші еді»

«Грекияда жігітке көмектесудің орнына, біз қарқылдап күлуші едік»

«Дәл осындай жағдайға Швецияда тап болдым. Қол ұшын созған жалғыз адам азиялық турист еді»

«Испанияда адамдар телефонын алып шығып, жапа-тармағай түсіре бастаушы еді»

«Австралияда бір адам көмектессе, жолым болды деп есептей беріңіз» деген пікірлер қалдырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға