bbc.com

Жапон ханзадасы Хисахито кәмелет жасқа толды

07.09.2025 00:32

Жапонияда тақ мұрагерлерінің бірі саналатын ханзада Хисахитоның кәмелеттік жасқа толуына арналған ресми салтанат өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл соңғы 40 жылда алғаш рет ұйымдастырылған алғашқы рәсім болып отыр. Хисахито — Хризантема тағына екінші болып отырған мұрагер. Қазір Жапонияда таққа үміткер бар-жоғы үш адам бар. Олар император Нарухитоның өзі, оның 89 жастағы ағасы және Хисахито ханзада. Елде императорлық билік тек ер адамдарға берілетіндіктен, болашақта тақ мұрагерлігіне қатысты дағдарыс тууы мүмкін.

Айта кетейік, Хисахито дүниеге келгенге дейін жапон үкіметі әйелдерді де тақ мұрагерлігіне қосу мәселесін қарастырған еді. Алайда кейін бұл бастама қолдау таппады.

Биыл 6 қыркүйекте ханзада 19 жасқа толды. Жапонияда кәмелеттік жас 18-де белгіленгенімен, ханзаданың салтанатты рәсімі бір жылға кейінге шегерілген. Бұл уақыт Хисахитоға университетке түсу емтихандарына дайындалуға берілген.

Салтанат Токиодағы ханзада резиденциясында өтті. Император Нарухитоның арнайы өкілі оған дәстүрлі қара жібек «канмури» бас киімін табыстады. Бұл - императорларға ғана тән ерекше пішінді дәстүрлі салтанатты бас киім.