«Жаныңды қинайтын адам кездесер»: Назым Қызайбай танымал әншінің бапкері болды

 Harper's BAZAAR Kazakhstan
Фото: Harper's BAZAAR Kazakhstan

Боксшы Назым Қызайбай эстрада жұлдызы  Диана Исмаилға бокс техникасын үйретіп жүр. 

Әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде жаттығудан бейнеүзік жариялап, оқырманды қуантып қойды. Бейнеүзікке «Жаныңды  қинайтын адам кездесер болып тұр» деп жазба қалдырған. 

Боксшының Instagram парақшасындағы видео әзірге 10 мыңнан астам қаралым жинаған. Бейнежазбада рингтегі жаттығу процесі көрсетілген. Дұрыс соққы жасау техникасы мен қорғаныс әдістерін де байқауға болады. 

Әнші Диана Исмаилдың түрлі жобада бой көрсеткенін білеміз. Сондықтан жанкүйерлер бұл кезекті контент пе, әлде тағы бір жоба басталғанын түсінбей дал. Бұған дейін әнші «Жұлдызды жұп» телешоуына қатысқан. Жалпы, Диананың «Сені кездестіргелі» бейнебаяны YouTube-та 17 млн қаралым жинаған. 

Ал Назым Қызайбай болса, қазір ұлттық құрамамен бірге Бразилияда оқу-жаттығу жиынында жүр. Бокстан қыздар құрамасы  сәуір айының соңында Фос-де-Игуасуда өтетін  World Boxing Кубогына дайындық жасап жатыр. 

Оқи отырыңыз