Жаңалықтар

«Жанымның бір бөлшегі». Дүйсеновтің марқұм ұлы Абылайдың сүйіктісі жұртты жылатты

«Жанымның бір бөлшегі».  Дүйсеновтің марқұм ұлы Абылайдың сүйіктісі жұртты жылатты
Фото: instagram.com/aruna_askhatkyzy 17.10.2024 18:32 1451

Әлеуметтік желіде Аруна есімді бойжеткен марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың сүйіктісі екенін айтып, естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол марқұммен бірге түскен бірнеше суретін жариялады.

Сізден айырылу – төзгісіз жағдай. Сіз жай ғана жақын адамым емес едіңіз. Менің жанымның бір бөлшегісіз. Ажырамас бөлігіне айналдыңыз. Менің жүрегім ауырып тұр. Cіздің жоқ екеніңізді түсіне алмаймын. Қазір мен фотоларды қарап жатырмын. Олар біздің өміріміздің қуанышты сәттерінен көрініс береді. Мен бір мезгілде жылылық және ауырлықты сезінемін. Сіздің күлкіңіз құлағымда. Қолдау сөздеріңіз мәңгі жадымда,  – деп жазды сүйіктісі.

Ару марқұм ғашығына алғыс білдіріп, махаббатын сақтауға уәде етті.

Бұл естеліктер – қиын күндерімді нұрландырады, қараңғы күнімді жарықтандырады. Өмірімді қуанышқа толтырдыңыз. Мен сізді өмірімді нұрландырған адам ретінде мәңгі есте сақтаймын. Сіз менің жүрегімде өшпес із қалдырдыңыз. Сол махаббат мәңгі өмір сүреді. Сіз менің өміріме әкелген барлық жақсылықты сақтауға уәде беремін. Жатқан жерің жайлы болсын, жаным Абылайым!, – деп жазды бойжеткен.

Бұған дейін, композитор Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болғанын хабарлаған едік.

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға