Жануарлар мен аңдардың төлдерінің атауы (ФОТО)
19.10.2015 11:33
117611
Жануарлар мен аңдардың төлін қалай атаймыз дегенде, көп жағдайда қойдың төлі – қозы, ешкі төлі – лақ, жылқы төлі – құлын, түйе баласы – бота деп төрт түлікті түгендеумен ғана шектелеміз. Кейде "Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым, жылқы баласын момыным" дейді деген тәмсілге сүйеніп, қарғаның баласы аппақ, кірпінің баласы жұмсақ деп аталады дейтіндер бар. Сіздердің назарларыңызға кішігірім жануарлар мен аңдардың суреттерінен құралған инфографиканы ұсынамыз. Толық нұсқасы мына жерде.
Арқар төлін қозықа деп атайды екен. Біле жүру үшін, есте жүру үшін суретімен алдыңызда ұсындық.
Жолбарыс пен барыстың ерекшелігі бар. Сондықтан балаларының да аттары әртүрлі болады. Барыстың баласын мәулен десе, жолбарыстың баласын шөнжік, таутан, сарымақ деп атай береді.
Түлкі баласының бірнеше атауы кездеседі. Жәудір, мырмай, міршәй деп те атайды.
Жануарлар мен аңдардың төлдерін қалай атайды? альбомын қарау
Деректерді әзірлеген: Жандос Смайлов
Инфографиканы құрастырушы: Арман Қалибекұлы
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада «Үздік жас отбасы-2024» байқауы өтті