Жаңалықтар

Жануарлар мен құстарға аурудың 23 түріне қарсы екпе егіледі

Жануарлар мен құстарға аурудың  23 түріне қарсы екпе егіледі
Фото: gov.kz 02.03.2023 15:31 1125

Биыл Қазақстанның ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін сақтау үшін ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарда кездесетін аурулардың  23 түріне қарсы вакциналардың шамамен 172 млн дозасы қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жыл сайын АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті иммунопрофилактикалық іс-шараларды жүргізу қызметі үшін сертификатталған ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етеді.

2022 жылы вакциналардың республикалық қоры құрылды, олардың көлемі биыл жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтарға ауылдық елді мекендердің шекарасында немесе шаруа және фермер қожалықтарының фермаларында болған кезде яғни қорада тұрған кезеңінде тиесілі жануарларға көктемгі вакцинацияны жүргізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдарда республикалық қордан бөлінген 66 млн.дозадан астам ветеринариялық препараттар, 20,7 млн. құлақ сырғалары және 10 млн. шприц пробиркалар бар. Сонымен қатар, ветеринарлық зертханалар барлық қажетті диагностикумдармен қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта барлық ветеринариялық профилактикалық  іс-шаралар белгіленген мерзімде жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға