Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген әскери қызметкерге үкім шықты
04.07.2023 16:04
Фото:
©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Алматы гарнизонының әскери соты Серікбол Мұратханды ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіттің өліміне кінәлі деп тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскери қызметкер «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша айыпталған болатын. Сот оны 6,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Оқи отырыңыз:
- Төреғали Төреәлі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
- Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашып кеткен ұлы ұсталды
Қайғылы жайт қаңтар оқиғасы кезінде болған. 6 қаңтар күні кешке Сәтпаев – Назарбаев көшелерінің қиылысында Мұратхан Елнар Қансейіт отырған көлікке оқ атқан. Салдарынан Елнар көз жұмды.
Бұған дейін әскери қызметкердің 7 жылға сотталуы мүмкін екендігі хабарланған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

