Жаңалықтар

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ТРАГЕДИЯНЫҢ АУҚЫМЫН ӘЛІ ДЕ ЗЕРТТЕУ ҚАЖЕТ

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ТРАГЕДИЯНЫҢ АУҚЫМЫН ӘЛІ ДЕ ЗЕРТТЕУ ҚАЖЕТ
30.05.2019 16:28 2140

Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасы – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумына биыл Х жыл толды.

Бұл туралы форум барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді. 

photo_2019-05-30_10-45-43.jpg

Ол ашаршылық пен қуғын-сүргіннің жаппай құрбандарынан басқа қазақ халқына өз тілі мен мәдениетін жоғалтуға қауіп төнгенін атап өтті. Форум түбегейлі идеологиялар ғасыры өткенін еске салу болып табылады, бірақ біз тарих сабақтарынан дұрыс қорытынды жасауға тиіспіз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Басшысының орынбасары жобаны әлемде болып жатқан үдерістерді терең қайта пайымдаудың бір бөлігі және Қазақстандағы зор дүниетанымдық идеологиялық жұмыстың бір бөлігі деп атады.

Осы жылдар ішінде жоба түрлі өңірлерде жүзеге асырылды, ал X форум Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында 29-31 мамыр аралығында өтуде.

«1997 жылы жалпыұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. 2011 жылы Жарлыққа толықтырулар енгізіліп, 31 мамырда қазақстандықтар үшін «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» болды», – деді Жансейіт Түймебаев.

Оның айтуынша, Қазақстан халқы үшін бұл күн ерекше маңызға ие. Тоталитаризм қысымы әр отбасына қатысты. Бұл күн біріктіретін күн, ал біздің борышымыз тарихтың осы қайғылы оқиғаларын есте сақтау және болашақта мұндай қайталанбауы үшін жас ұрпаққа жеткізу. 

photo_2019-05-30_10-45-47.jpg

«Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда тарихи жадыны сақтау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. 2004 жылы Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен объектілерді қалпына келтіруге бағытталған «Мәдени мұра» бағдарламасы ұйымдастырылды. 2015 жылы біз еліміздің тарихына арналған әлемдік жетекші мұрағаттардан құжаттарды жүйелі түрде жинауға және зерттеуге мүмкіндік берген «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қабылдадық. Сонымен қатар трагедияның ауқымын әлі де зерттеу керек», – деп атап өтті ҚХА басшысының орынбасары.

Бүгінде бұл жұмыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және оның екінші кезеңі – «Ұлы Даланың жеті қыры» аясында жүргізілуде. 

«Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласының негізінде біз қоғамдық сананы жаңғырту бойынша үлкен жұмыс жүргіздік, тарихи дүниетанымымыздың іргелі негіздерін бекіту қажет», – деді спикер.

Жансейіт Түймебаевтың пікірінше, «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы тәуелсіз Қазақстан халқының қазіргі заманғы ашық тарихи санасын қалыптастырудың негізі болып табылады.

«Бұл жобаның идеологиялық мағынасы болып табылады. Сондай-ақ зерттеуге арналған нысан», – деді спикер.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Оқи отырыңыз:

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға