Жаңалықтар

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ӨҢІРЛІК ҚХА ХАТШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ ОНЛАЙН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ӨҢІРЛІК ҚХА ХАТШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ ОНЛАЙН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ
04.07.2019 09:27 5031

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ. Түймебаевтың төрағалығымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылықтарының басшыларымен селекторлық жиын өтті.

Іс-шараға ҚХА орталық және өңірлік құрылымдарының жауапты өкілдері қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын нығайтуда жақын арада орындалған және орындалуы тиіс өзекті мәселелер талқыланды.

photo_2019-07-03_18-44-26.jpg

Сонымен қатар, Жансейіт Түймебаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып үн қатып, өңірлік филиалдары арқылы ауқымды гуманитарлық көмек ұйымдастырғанын» атап өтті. ҚХА мүшелері көрсеткен көмектің жалпы сомасы бүгінгі таңда 87 млн теңгеден асты. Өңірлік ҚХА Хатшылықтарына Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы штабтармен басталған жұмыстарды әрі қарай тығыз байланыста жалғастыру тапсырылды.

WhatsApp Image 2019-07-04 at 08.24.14.jpeg

Ж.Түймебаев ҚХА XXVII сессиясы бойынша Елбасы тапсырмаларын, оның ішінде келесі жылы атап өтілетін Ассамблеяның 25 жылдығына дайындықты жүзеге асыру керектігін атап өтті.

WhatsApp Image 2019-07-04 at 08.21.37.jpeg

Маңызды басымдық – Ассамблея қызметін ақпараттық-сараптық сүйемелдеудің, сондай-ақ әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын күшейту. Жиын барысында Ж.Түймебаев қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша халықтың сұранысына жедел үн қатып, мәселені шұғыл шешуге ұмтылыс жасаудың маңыздылығына баса назар аударды. Осы және басқа да аспектілер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

photo_2019-07-03_18-47-30.jpg

Сондай-ақ, селекторлық жиын барысында өңірлерге «Казконтент» АҚ жетілдіріп шығарған Қазақстан халқы Ассамблеясы ішкі порталының жобасы таныстырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға