Жаңалықтар

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы мүшелерімен қызметТІҢ негізгі бағыттары мен жобаларДы талқылады

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы мүшелерімен қызметТІҢ негізгі бағыттары мен жобаларДы талқылады
15.03.2019 09:50 2475

Алматы қаласына жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары -   ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі  Жансейіт Түймебаев жалпыөнеркәсіптік және тұрмыстық жабдықтарды шығаратын «Келет» зауытына барып, онда ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы мүшелерімен жұмыс кеңесін өткізді.

Жансейіт Түймебаев «Алматы қаласының венгр мәдени орталығы» ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Александр ПАПП басқарып отырған зауыттың қызметімен  және өнімдерімен танысты. Ол А. А. Паппты 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, қайырымдылықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы мүшелерімен кездесу барысында Қауымдастық қызметінің  негізгі бағыттары мен 2019 жылға арналған жобалары талқыланды.

Ж. Түймебаев өз сөзінде Қауымдастықтың барлық мүшелерінің елдің әлеуметтік  маңызы бар және экономикалық мәселелерін шешуге күш-жігерін біріктіру қажеттігін ерекше атап өтті.

Ол болашақта ҚХА қауымдастығының қызметі жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлік идеяларын дамыту, өздері шыққа  тарихи отандарынан шетелдік инвестицияларды, ресурс үнемдейтін және ақылды технологияларды тарту, жастардың старт-ап жобаларын қолдау және т.б. міндеттерді іске асыруға бағытталуы тиіс екенін айтып өтті.

Кездесу барысында ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының бастамасын жүзеге асыру туралы Алматы қалалық филиалы қауымдастық төрағасы Думан Қыдырбаев әңгімелеп берді. Алматы қаласының ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы филиалының директоры Олег Цой ауыл шаруашылығын цифрландыру жобалары туралы ұсыныс жасады.

«Арнасай - Қазақстанның жасыл ауылы» жобасын «Жасыл экономика – Gglobal» коалициясы директорының орынбасары Асхат Сүлейменов таныстырды.

Мемлекет басшысының зауытқа келуі бейнеленген тарихи сәт (архивтен алынған сурет)

Анықтама үшін: «Келет» кәсіпорны 1992 жылы Қазақстанның ішкі және сыртқы нарығындағы өндірістік және сауда қызметі үшін құрылған. «Келет» АҚ-отандық тауар өндіруші,  жалпы өнеркәсіптік және тұрмыстық жабдықтардың қазақстандық нарығының көшбасшысы. Компания Ресей, Италия, Польша, Германия, Венгрия, ТМД және Қытай елдерінің ең үздік өндірушілерінен сорғылардың, желдеткіштердің, электр қозғалтқыштардың, компрессорлардың, жылыту және жылытқыш жабдықтарының кең номенклатурасын, бекіту-реттеу арматурасын және тағы басқаларын шығарады және жеткізеді.

Кәсіпорында өнім шығаруды, сатып алуды және дамытуды қамтитын коммерциялық құрылым 6 бөлімнен тұрады, соның ішінде Астана мен Қарағандыдағы өткізу бөлімдері де бар.  «Келет» АҚ компаниясымен бірігіп жұмыс жасайтын барлық облыстарда 14 дилері, 88 дүкен және 145 монтаждық ұйымы бар. Қазақстанның, Ресейдің және ТМД-ның басқа да елдерінде орналасқан экономиканың барлық салаларының 15 мыңнан астам кәсіпорындары«Келет» АҚ өнімдерін тұтынушылары болып табылады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ 2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясындағы тапсырманы орындау мақсатында құрылған.

 Қауымдастық Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен этномәдени бірлестіктердің бизнес құрылымдары (құрылтайшылары Касанов З. И., Ким Р. У., Тимощенко Ю. Е.) және «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» ҚҚ құрған үкіметтік емес ұйым болып табылады.

Жұмыстың мақсаты - индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізу арқылы азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру үшін жағдай жасау, жаңа технологиялар мен идеяларды тарту, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға