Жаңалықтар

Жансая Әбдімәлік жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Әлемдік дода Ханты-Мансийск қаласында (Ресей) өтті. Турнир екі категория бойынша жүргізілді: ашық (open) және қыздар арасында (girls). Әр жарыс 13 турдан тұрды.
17.09.2015 05:09 3560

Фото Жансая Әбдімәліктің Twitter парақшасынан алынды

Әлемдік дода Ханты-Мансийск қаласында (Ресей) өтті. Турнир екі категория бойынша жүргізілді: ашық (open) және қыздар арасында (girls). Әр жарыс 13 турдан тұрды.

Әйелдер арасындағы 15 жасар гроссмейстер Жансая 7 тур бойы көш бастап келіп, 8 турда жерлесі Динара Сәдуақасовамен тең ойнады. 9 турда жас шахматшымыз белорусиялық халықаралық шебер Анастасия Зезюлькинамен де тең түсті.

Шешуші 13 турға спортшылар келесідей көрсеткіштермен жетті. Бірінші орында 9,5 ұпаймен украиналық Наталья Букса, екінші орында одан жарты ұпай қалған Жансая және бір ұпай қалған Динара.

Соңғы турда Динара Иран шахматшысы Дорса Дерахшанимен тең ойнады. Қазақ қыздарының бәсекелестерінің бірі ресейлік Алина Бивол Германия спортшысы Филиз Османодианы жеңіп Буксқа жетіп алды. Украиналық Наталья Букс болса, әзірбайжандық Гюнай Маммадзамең тең тарқасты. Ал Жансая ресейлік Александра Макаренкомен ойнап, тең нәтиже көрсетті.

Нәтижесінде, 10 ұпай жинаған Наталья Букса турнир жеңімпазы атанды.  Алина Бивол мен Жансая Әбдімәлік 9,5 ұпайдан жинады, алайда ресейлік қыз қосымша көрсеткіштер бойынша алға шығып кетті. 9 ұпай жинаған Динара Сәдуақасова төртінші орынға тұрақтады. Тағы бір қазақстандық шахматшы қыз Бибісара Асаубаева 6,5 ұпаймен 24 орын алды. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға