Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен одан салмағы төмендеу мексикалық бұрынғы чемпион Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) арасында жекпе-жекті белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«WBO чемпион комитеті Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасында айқас өткізу бойынша келіссөздер бастауды міндеттейді. Тараптарға келісімге келуге 15 күн беріледі», - делінген ұйым жіберген хатта.
Егер Жәнібек Әлімханұлы мен Хайме Мунгия өкілдері аталған мерзімде келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда тағайындалады. Оның мерзімі 5 желтоқсан, төменгі ставка $200 000 құрайды.
Жәнібек Әлімханұлының тарапын Top Rank компаниясы және менеджер Эгис Климас ұсынады, ал Хайме Мунгияның мүддесін Zanfer Boxing және Golden Boy Promotions промоушендері бірлесіп жүргізуде.
Шешімді WBO президенті Франсиско Валкарсель қазан айының соңында жариялаған болатын. Ол кезде Жәнібек Әлімханұлы британдық Дензель Бентлимен, ал Хайме Мунгия аргентиналық Гонсало Кориямен айқас өткізген жоқ еді.