Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегін Сауд Арабиясында өткізуі мүмкін
05.11.2024 14:42
Фото:
instagram.com/janibek_alimkhanuly
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) жекпе-жегіне қатысты тағы бір мәлімет пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта Жәнібектің командасы WBO нұсқасы бойынша міндетті қарсылас британиялық Хамза бен келіссөздер жүргізіп жатыр. Екі тараптың промоутерлері екі рет келіссөздер уақытын өзгертуді сұрады. Енді олар 11 қарашаға дейін шешімді айтуы керек.
Шираздың промоутері Фрэнк Уоррен журналист Майкл Бенсонге берген сұхбатында Хамза 22 ақпан күні Эр-Риядтағы бокс кешінде өнер көрсететінін айтқан. Сол күнгі кештің басты жекпе-жегінде аса ауыр салмақ өкілі Даниэль Дюбуа IBF атағын сарапқа салмақ. Алайда Уоррен Шираздың қарсыласының есімін нақтылаған жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

