Әлеуметтік желі

Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық белбеуді біріктіруге мүмкіндік алды

WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Лараның командасы жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Инсайдер Дэн Рафаэльдің мәліметінше Әлімханұлы-Лара жекпе-жегі 6 желтоқсанда (Астана уақыты бойынша 7 желтоқсан таңертең) АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өтеді. Ол екі басты жекпе-жектің бірі болады. Бұл күні Айзек Крус пен кіші Ламонт Роуч та кім мықтыны анықтайды.