Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлық жасады

Жәнібек Әлімханұлы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлық жасады
Фото: Akorda.kz 15.12.2023 07:28 882

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бокс қолғабын сыйға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

 Нидерланд құрамасын қабылдаған Қазақстан футзалшыларының ойынына Мемлекет басшысы келіп қатысқан еді. Мемлекет басшысымен бірге Ұлттық құрамаға кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және қақпашы Игорь Шацкий да қолдау білдірген еді. Кездесуде кәсіпқой боксшы Президентке деген құрметпен өзінің бокс қолғабын тарту етті. 

Матч нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатына жолдама алды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға