Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық атақтарын қорғады
04.10.2024 16:35
Фото:
Steve Marcus/Getty Images
Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Сиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті нокаутқа түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақ стилі» қарсыласын 9-раундта нокаутқа жіберді.
Әлімханұлы мен Михайлович орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтарын сарапқа салды.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабындағы он алтыншы жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, IBF және WBO титулдарын сәтті қорғады, ал Андрей Михайлович мансабында алғаш рет жеңіліп отыр.
«Қазақ стилі» карьерасында тұңғыш рет Австралияда бокстасып жатыр. Ол шаршы алаңға бұған дейін 2023 жылғы қазанда шыққан.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

