ҚР ҰОК/Нұрғали Жұмағазы

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді

Battle of the Brave бокс кешінің басты жекпе-жегінде «Qazaq style» (16-0, 11 КО) чемпиондық атағын қорғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жәнібек Әлімханұлы Астана төрінде француз Анауэль Нгамиссенгемен жұдырықтасты. Қарсыласын бірінші раундта-ақ бір есеңгіретіп алды.

Кейінгі раундтарда Анауэль ес жиғандай болған. Бесінші раундта қарсыласын отандасымыз жойқын нокаутқа түсірді. Осылайша орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз өзінде болған WBO және IBF белбеуін қорғап қалды.