Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы өзін мазақ етіп видео түсірген боксшыға жауап берді

Жәнібек Әлімханұлы өзін мазақ етіп видео түсірген боксшыға жауап берді
Фото: Twitter/@MoBoxingNP 19.07.2024 12:16 10202

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өтпей қалған кездесуден кейін мазақ етіп видео түсірген жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичке жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жәнібек қарсыласының іс-әрекеті үшін өзі ұялып жатқанын жазды.

Андрейдің парақшасындағы видеоны көрдім. Бала өзіне көп алып жатыр екен. Мен жекпе-жекке денсаулығыма байланысты шыға алмадым. Ауруханаға түстім. Бірақ қарсыласым адам басындағы сынақты, ауыр жағдайды мазақ қылып жатыр. Бұл негізі адамгершілік емес. Ешқандай боксшы бұлай жасамайды. Қайта сауығып кет дейді. Ал оның ісіне, тіпті, мен ұялып кеттім. Бізде келісімшарт бар, жұдырықтасамыз. Бірақ енді оны аямаймын, - деді боксшы.

Айта кетейік, Михайлович видеода жерге «Janibek» деп жазып, оның жанында билейді. Содан кейін жазудың үстіне ұнтақ сеуіп, су шашады. Бұл бейнежазбаға әйелі мен екі ұлы да түскен. Ал соңында «бұл контентті түсірген кезде бірде-бір чемпион зардап шеккен жоқ. Тек ағзасы құрғап қалды» деген жазу пайда болды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Mikhailovich (@andrei_mikhailovich_)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға