Туризм және спорт министрлігі

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы көшбасшылық орнынан айырылды

Boxrec.com сайты орта салмақтағы боксшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жаңартылған тізімде бұған дейін бірінші орында тұрған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) екінші орынға түсіп қалды. Оның орнына кубалық боксшы Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) дивизионның көшбасшысы атанды.

Үшінші орынды британиялық Крис Юбэнк-кіші (35-3, 25 KO) иеленсе, төртінші сатыда Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) орналасқан.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы – WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Ал қалған чемпиондарға келсек, Эрисланди Лара – WBA, Карлос Адамес – WBC, ал Крис Юбэнк – IBO белбеуінің иегері.