GETTY IMAGES

Жәнібек Әлімханұлы «Канелоның» салмағына қашан ауысады?

АҚШ-тың атақты бокс менеджері Эгис Климас қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлының жоспарын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оның айтуынша, Жәнібек алдымен орта салмақтағы барлық белбеуді біріктіруді жоспарлап отыр, содан кейін ғана суперорта салмаққа (Канело өнер көрсететін дивизион) көшуі мүмкін.

Қазір Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Ал көздеген келесі қадамы — WBA белдігін иеленіп отырған тәжірибелі кубалық Эрисланди Ларамен және өзге де чемпиондармен рингке шығып, барлық титулды өз қолына жинау.

Орта салмақта қазір аса көп «жұлдыз» жоқ. Лара бар, бірақ жасы келген, WBA чемпионы. Жәнібек — ірі боксшы, екінші орта салмаққа да оп-оңай бейімделеді. Бірақ алдымен барлық белбеуді иеленіп, содан кейін ғана жоғары дивизионға өтуді қалайды, — деді Эгис Климас 3 Knockdown Rule подкастында.

Егер бұл мақсат орындалса, қазақстандық былғары қолғап шебері суперорта салмақтағы мықтылардың, соның ішінде Сауль «Канело» Альварестің салмағына көтеріліп, жаңа биіктерді бағындыруға бел буады.