Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын сәтті қорғады
14.05.2023 10:17
Фото:
instagram.com/janibek_qazaqstyle
Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атағын қорғап, уақытынан бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жәнібек Әлімханұлының WBO әлем чемпионы атағын қорғауға арналған екінші жекпе-жегін өткізді. Бұл жолы отанадсымыз маңызды жекпе-жекті нокаутпен аяқтады
АҚШ-тың Калифорния штатытының Стоктон қаласында өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жекпе-жек өткізді. Он екі раундқа жоспарланған кездесу екінші раундта-ақ аяқталды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабында он төртінші жеңіске жетіп отыр. Ал оның канадалық қарсыласы болған Стивен Батлер кәсіби рингте төртінші жеңіліс тапты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

