Спортты дамыту дирекциясы

Жәнібек Әбу-Бәкір XII Дүниежүзілік ойындардың чемпионы атанды

10.08.2025 21:10

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарда ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Джиу-джитсудан әлем чемпионы саналатын 69 келідегі Жәнібек Әбу-Бәкір финалдық айқаста Фарид Бен Алиді 12:9 есебімен жеңіп кетті.

Жарыстағы жолы:

Топтық кезең
Райан Проаг - 50:0;
Фарид Бен Али - 17:14.

1/2 финал
Ерасмо Пагано - 20:4.

Бұған дейін джиу-джитсудан 62 келідегі Аслан Қанатбек қола жүлдегер атанған болатын.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Дүниежүзілік ойындардың өткен тарихында Қазақстан атынан тек 2022 жылы Галина Дуванова күміс жүлде және 2009 жылы Айжан Кукузова қола жүлдеге иелік еткен еді.