Жаңалықтар

Жаңбыр, бұршақ: 6-8 шілде күндері ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, бұршақ: 6-8 шілде күндері ауа райы қандай болады?
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 05.07.2023 15:00 1433

«Қазгидромет» РМК 6-8 шілде аралығында қалыптасатын күн райына болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Алдағы мереке күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай мен екпінді жел күтіледі.

6-7 шілдеде орталықта және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр болжанады. 6-8 шілдеде Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.

Батыста және оңтүстікте күндізгі температура біртіндеп жоғарылайтыны болжанады - +33+42°С дейін.

Ал еліміздің қалған бөлігінде ауа температурасы солтүстік-батыста және орталықта +22+ 35°С дейін, солтүстікте +23+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін аздап төмендеуі мүмкін», - делінген синоптиктер мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға