Жаңартылған Kia K5 көлігі қандай болады

 shorts car
Фото: shorts car

Орта өлшемді седан Kia K5 моделінің қазіргі, үшінші буыны 2019 жылдың қарашасында таныстырылған болатын. Ал алғашқы рестайлинг нұсқасы 2023 жылдың қарашасында жарық көрді. Енді компания тағы бір жаңғырту арқылы бұл модельдің өмірлік циклін ұзартуды жоспарлап отыр.

Әлемдік автонарық электрлендіру бағытына бет бұрған тұста, Kia өздерінің маңызды төрт есікті седандарының бірін сақтап қалу туралы шешім қабылдаған. Яғни K5 моделі жақын жылдары толықтай жаңа буынға ауыспай, кезең-кезеңімен жаңартылып отырады.

shorts car

Жуырда Оңтүстік Корея жолдарында жаңартылған K5-тің алғашқы үлгілері байқалды. Көліктің суреттерін «Healer TV» арнасының фотошпиондары түсіріп алған.

shorts car

Екінші рестайлинг жобасы DL3 PE2 атауымен белгілі. Бұл нұсқаны жаппай өндіріске шығару 2027 жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жаңартылған седанның сыртқы келбеті айтарлықтай өзгермейді, тек алдыңғы және артқы бөліктері жеңіл модернизациядан өтеді.

shorts car

Салондағы басты жаңалық – Pleos Connect операциялық жүйесі негізінде жұмыс істейтін жаңа мультимедиялық жүйе болуы мүмкін. Бұл технологияны Hyundai Motor Group әзірлеген.

shorts car

Қозғалтқыштар желісінде де өзгеріс бар: жаңартылған K5-те жанармайды іштен жану қозғалтқыштарымен қатар гибридті және қосылатын гибридті (PHEV) нұсқалары болуы мүмкін.

shorts car

Ал Kia K5 моделінің толықтай жаңа буынының қашан шығатыны әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз