Жанармай құю бекетіндегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды
30.05.2025 22:24
Фото:
instagram.com/atyrau_oblysynyn_akimdigi
Құлсары қаласындағы жанармай бекетінде болған жарылысқа қатысты аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, кешенді тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Атырау облысының Полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері дереу жетіп, қауіпті аумақты қоршауға алып, жедел қызметтердің жұмысын үйлестіруге кірісті.
Автокөліктердің қозғалысы бақылауға алынып, кезекшілік ұйымдастырылды. Жедел жағдай бақылауға алынды.
Айта кетейік, Құлсарыдағы жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты. Төтенше жағдайға байланысты облыс әкімі жедел штаб отырысын өткізді. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

