Жаңалықтар

Жаңаөзенде жойқын жарылыстан тұрғын үйдің кіреберісі опырылды

Жаңаөзенде жойқын жарылыстан тұрғын үйдің кіреберісі опырылды
Фото: t.me/qr_tjm 17.04.2023 09:27 891

Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйде газ баллоны жарылып, салдарынан кіреберіс опырылып қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға бүгін, 17 сәуірде, таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде болған. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған, - делінген мәліметте.

Үйдің жалпы ауданы 600 шаршы метр. Абырой болғанда, оқиға орнында өрт болған жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп-салдары анықталуда, - делінген.

Үйіндіні ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық топ, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға