ҚР ҰЭМ

Жаңаөзенде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 11 мыңға дейін өсті

04.08.2023 01:19

Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰЭМ баспасөз қызметінің мәліметінше, АЭА аумағында министрлік делегациясы big-bag жұмсақ қаптамаларын өндіру жобасымен және сорғы штангалары мен муфталарын шығаратын зауыттың қызметімен танысты.

Жалпы, «Ақтау теңіз порты» АЭА-да 55 қатысушы тіркелген:

21 жоба - іске асырылды
34 жоба - іске асыру барысында

Сондай-ақ Жаңаөзен қаласында өткен жиында бизнесті дамытуды және жұмыс орындарын құруды ынталандыру жөніндегі Жол картасының басты бағыттары талқыланды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша:

6 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 8 мыңнан 11 518-ге дейін өсті