Жаңаөзенде ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды
13.12.2023 10:07
Фото:
Видеодан алынған кадр
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, қатысушылар ойынхананың тұрақты жұмыс істеуі үшін ойын ойнауға арналған компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз пайданы жинап, басқа да ұйымдастыру-басқару қызметтерін атқарған.
Тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар: жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша алынды, - делінген мәліметте.
Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 млн теңгеден асты.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

