Жаңаөзенде екі қабатты ірі сауда орталығы өртенді
25.03.2025 12:25
Фото:
видеодан кадр
Түнде Жаңаөзен қаласының 1-шағынауданында орналасқан екі қабатты сауда орталығының бірінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің ғимараттың барлық ауданына таралуына жол берілмеді. Өрт 300 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда, – делінген хабарламада.
Осы ретте ТЖМ өкілдері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

