Жаңалықтар

Жаңа жылға қандай сыйлық беруге болады?

Жаңа жылға қандай сыйлық беруге болады?
Фото: radiosputnik.ria.ru 13.12.2022 16:01 8446

Жаңа жылдың келуіне санаулы ғана күндер қалды. Ал сіз жақыныңызға сыйлық таңдап үлгердіңіз бе? Әлі де не сыйларыңызды білмей, басыңыз қатып жүрсе, біз ұсынған кеңеске құлақ асыңыз.

Сыйлықты таңдамас бұрын алдымен оны кімге және қанша қаржыға сатып алатыныңызды анықтап алыңыз. Жақындарыңыздың тізімін құрыңыз. Кімге не ұнайтынын біліп алуға тырысыңыз. Мейлінше сыйлық иесіне пайдалы, көңілінен шығатын қажет затты берген дұрыс. Қазіргі таңда  ақша жинауға арналған қобдиша, қолсағат, бет орамал сынды қарапайым сыйлықтар адамды таңғалдыра бермейді. Мүмкін болса, ерекше, заманауи сыйлықты ұсыныңыз. Оның сыртқы безендірілуіне де баса назар аудару керек. Сыйлық неғұрлым тартымды болған сайын, соғұрлым жақыныңыздың көңілін көтере түседі. 

Сыйлық алмас бұрын сіздің алдыңызда екі таңдау тұрады. Бірі, сыйға беретін сыйлықтарды өзіңіз біріктіріп жинау. Екіншісі, дайын сыйлық жиынтықтарын сатып алу. 

Ендеше назарларыңызға түрлі сыйлықтар тізімін ұсынбақпыз. Алдымен өзіңіз біріктіре алатын сыйлықтардан бастайық.

Жаңа жылға қандай сыйлық беруге болады?

Сыйлық ретінде таңдаған басты затқа жаңа жылдық шұлықтарды бірге қосып сыйлауға болады. 

Жаңа жылға қандай сыйлық беруге болады?

Жаңа жылға қандай сыйлық беруге болады?

Ішінде болжамы бар печенье мен сырты ерекше безендірілген тәттіні сыйға тартуға болады. Оның ішінде тілекті орындауға, стресстен шығуға арналған шоколадтар да бар. 

Жаңа жылға қандай сыйлық беруге болады?

Сыртында неше түрлі жазуы бар стақанды да сыйлық ретінде қарастырып көріңіз. 

Жаңа жылға қандай сыйлық беруге болады?

Басты таңдаған сыйлыққа тәттілерді қосып сыйлауға болады. Мысалы мына мұз кәмпиттердің қорабы кір жуатын ұнтаққа ұқсас жасалған. Бір жағынан ерекше болып көрінсе, екінші жағынан көңіл-күйді көтереді. 

Мұнымен біз жоғарыда өзіңіз бокс ретінде жинап, жақыныңызға сыйлай алатын заттарды көрсеттік. Енді дайын жиынтықтарды да ұсына кетейік.

Жаңа жылға қандай сыйлық беруге болады?

Мына жиынтық сыйлығын ерлерге де, әйелдерге де беруге болады. Ішінде кітап, шай, кептірілген жемістер мен тәттілер бар.  

Жаңа жылға қандай сыйлық беруге болады?

Егерде қомақты қаржыға сыйлық бергіңіз келсе, дүкендерде жаңа жылға арналып жиналған себеттер дайын. Бағасы 20 000 мыңнан басталып, 100 мың теңгеден асады. Ішінде шыршаны безендіруге арналған түрлі заттар, шай, кофе, тәтті және тағы да басқа тағамдар бар. Жаңа жылға мұндай дайын әдемі жиынтықтарды сыйлайтын болсаңыз, жақыныңызды қуанта аласыз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға