Жаңа жылдық шыршаға 270 мың доллар қаржы жұмсалады
11.11.2025 13:15
Фото:
cyxymu
Тбилисидің орталық алаңындағы жаңа жылдық шыршаның құны 270 мың доллар (шамамен 145 млн теңге) болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қалалық «Тбилсервис групп» коммуналдық компаниясы Мемлекеттік сатып алу агенттігінің сайтында аукционсыз электронды тендер жариялаған. Тендерлік құжаттамаға сәйкес, жаңа шырша келесі сипаттамаларға ие болуы тиіс:
- Биіктігі - 24 метр,
- бұтақ саны - 365,
- шамды перделер (гирляндалар) - 120,
- және 100 дана әшекей бұйым бейтарап жарықпен безендірілмек.
Сонымен қатар, өнімге екі жылдан кем емес кепілдік қарастырылған.
Айта кетейік, Тбилисидің басты шыршасы қала орталығындағы Руставели даңғылында орнатылады. 2023 жылдың жаңажыл түнінде дәл осы шыршада өрт оқиғасы болған еді. Оған пиротехниканы абайсыз қолдану себеп болған. Куәгерлер алдымен түтінді байқап, артынша шырша ойыншығының тұтанғанын көрген. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті қысқа мерзім ішінде сөндіріп үлгерген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

