Жаңа жылдың алдында ақшаны үнемдеп, сыйақы беруге тыйым салынды
30.10.2024 16:31
Фото:
©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстанда сыйақы беруге тыйым салғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, үнемделген бюджет қаражатын енді сыйақы қорына аударуға болмайды.
Бұл туралы көптен беру айтқым келіп жүрген. Қаржы министрлігі есепшот арасында сыйақы ретінде қаржы аударуға тыйым салды. Тиісінше шенеуніктер үнемделген қаржыны сыйақы ретінде ала алмайды. Қаражат бюджетке қайтарылады, - деді ведомство басшысы.
Такиев бұған биыл шығынның көп болғаны себеп деп отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

