Жаңалықтар

Жаңа жылда от шашу атқандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды

Жаңа жылда от шашу атқандар 69  мың теңге айыппұл арқалайды
Фото: © Pixabay.com 26.12.2023 12:28 1419

Жаңа жылда отшашу атқандарға 69 мың теңге айыппұл салынады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрілігі мейрам алдында пиротехника сататын нүктелерді тексере бастады. 60 дүкеннің сатуға рұқсаты болмаған. Сертификатталмаған 800 өнім тәркіленді.

ІІМ өкілдері жеке адам үшін айыппұл көлемі 69 мың теңге болса, ірі бизнес субъектісі 345 мың теңге төлейтінін алға тартады. Өйткені бұл түнгі сағат 22:00-ден кейін әлеуметтің тыныштығын бұзу болып саналады. Ал оған дейін көңіл көтергісі келгендер отшашуды үй-жайдан 50 метр қашықтықта ағаш маңынан алыс тұрып атуы тиіс.

Барлық талаптарды орындап от шашудан бас тартпаймын десеңіз, пиротехникалық бұйымдарды тиісті лицензиялары бар мамандандырылған дүкендер мен сауда орындарынан сатып алған дұрыс. Ең алдымен сатушыдан өнімге сәйкестік сертификатын талап ету қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға