Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді

Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді
Фото: Қарағанды облыстық әкімдігі 12.12.2024 01:19 175

1 желтоқсаннан бастап Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск жасыл аймақтарында, сондай-ақ Бұқар Жырау ауданында қылқан жапырақты ағаштарды күзету күшейтілді. Ол үшін 18 мобильді топ, 5 бақылау бекеті ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, орманды күту және қорғау жөніндегі инженерлердің, орманшылардың, орманшылар мен инспекторлардың барлық күштері облыс аумағында тәулік бойы бақылау мен патрульдеуге бағытталған. Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және өңірлік полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің рейдтері өтуде. Шыршалар мен қарағайлар сатылатын базарлар да тексерілуде.

Жас қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескені үшін жеке тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, ал бір ағашқа келтірілген залал 15 АЕК құрайды.

Былтыр Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының аумағында қылқан жапырақты жас ағаштардв заңсыз кесудің екі фактісі анықталды. Әкімшілік хаттамалар жасалды. Олар сотта қаралды, – деді «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ орманды қорғау жөніндегі инженері Темірлан Елубаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға