Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбеде 34 отбасы қоныс тойын тойлады

Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбеде 34 отбасы қоныс тойын тойлады
Фото: Ақтөбе облыстық әкімдігі 31.12.2024 16:26 355

Ақтөбеде халықтың әлеуметтік осал санаттарының өкілдері баспанаға ие болды. Оларға пәтер кілттерін қала әкімі Азамат Бекет табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, Ақтөбе қаласында баспана кезегінде тұрған тұрғындардың мәселесін шешу мақсатында құрылысы жүріп жатқан үйлермен қатар Ақтөбеде 553 пәтер (жалпы площадь 33 623 шаршы метр) сатып алынуда.

Біз баспана кезегінде тұрған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жалғастыра береміз. Бұл мемлекетіміздің қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Жаңа пәтеріңіз берекеге толы болсын! - деп тілегін айтты қала әкімі Азамат Бекет.

Тұрғын үй кезегінде 28 мың адам тұр. Құрылыс салу және қаланың әр бөлігінде салынған үйлерден дайын пәтерлерді сатып алу жолымен мәселені шешу қолға алынды. Тұрғын үйлер 6 санат бойынша кезекте тұрғандарға берілуде.

Матросова, 3 адресінде салынған 5 қабатты үйден 34 пәтер алынды (1 бөлмелі - 7 пәтер, 2 бөлмелі - 16 пәтер және 3 бөлмелі - 11 пәтер). Бұл пәтерлер жетім бала, мүмкіндігі шектеулі жан және көп балалы отбасы категориясы бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріліп жатыр, - делінген әкімдік мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға