«Жаңа вирус тарады»: ДСМ өкілі мәлімдеме жасады
11.11.2025 21:08
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Роза Қожапованың айтуынша, жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) мен тұмауға шалдығу деңгейі жыл сайынғы қалыпты деңгейде.
Қазіргі уақытта айналымда жүрген вирустардың басым бөлігі тұмау вирустарының түрлері. БАҚ-та жиі айтылып жүрген «гонконг вирусы» да соның бірі. Бірақ бұл жаңа вирус емес – ол алғаш рет 1960-жылдары анықталған. Қазір ол жыл сайын кездесетін қалыпты вирус саналады. Биыл тұмауға қарсы егілген вакцина құрамында осы вирусқа қарсы штамм да бар, – деді ол.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

