Жаңалықтар

Жаңа тұжырымдама жастар саясатын дамытуға оң серпін береді - Дархан Қыдырәлі

Жаңа тұжырымдама жастар саясатын дамытуға оң серпін береді - Дархан Қыдырәлі
Фото: facebook.com/darhan.hidirali 14.03.2023 17:45 1028

Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған тұжырымдама жастар саясаты туралы заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты әзірленді. Тұжырымдама 7 бағыт, 12 индикатор мен 80 іс-шарадан тұрады. Оның негізгі бағыттарының бірі – ауыл жастарын кәсіби тұрғыда дамыту, кәсіпкерлік арқылы олардың әлеуетін іске асыру, оқусыз, жұмыссыз жастарды қолдау. Сондай-ақ «Заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбие», «Салауатты өмір салты» бағыттары бойынша да бірқатар жұмыстар жүзеге асады деп жоспарлап отырмыз. Жалпы жаңа тұжырымдаманың бекітілуі жастар саясатын одан әрі дамытуға оң серпін береді деген сенімдеміз, - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Жастарға арналған жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға мемлекеттің бөліп отырған ресурстары қомақты, сол себепті жастардың мұндай бағдарламаларға қатысуын кеңейту NEET санатындағы жұмыс істемейтіндер мен оқымайтындар санын азайтуға ықпал етеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға