Жаңа туған нәресте шұғыл түрде тікұшақпен тасымалданды
03.06.2025 21:45
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
«Қазавиақұтқару» АҚ экипажы Қызылорда – Жаңақорған – Қызылорда бағыты бойынша медициналық авиация желісімен жаңа туған қыз баланы шұғыл түрде тасымалдау рейсін орындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нәресте кеше ғана дүниеге келген. Ұшу медициналық бригаданың қатысуымен жүзеге асырылды.
Экипаждың ұшуын әуе кемесінің командирі Назель Нұрғалиева пен Бейсенғали Тоғызбаев басқарды.
Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында пациент мамандандырылған медициналық мекемеге сәтті жеткізілді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

