Жаңа туған нәресте санавиациямен Қызылордаға шұғыл жеткізілді
06.06.2025 19:32
Фото:
Видеодан кадр
ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы Қызылорда - Жосалы - Қызылорда бағыты бойынша медициналық авиация желісі бойынша жаңа туған нәрестені ауруханаға шұғыл жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сәбиді тасымалдау реаниматологтар бригадасының сүйемелдеуімен, ұшу кезінде баланың өмірлік маңызды функцияларын қамтамасыз ету бойынша барлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.
Ұшу әуе кемесінің командирі Данияр Мирзахметовтың, екінші ұшқыш Бейсенғали Тоғызбаевтың басшылығымен өтті. Экипаждың және медициналық топтың нақты, үйлесімді іс-қимылдарының арқасында сәби Қызылордадағы мамандандырылған медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

